Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ
1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.
Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
Павлодар облысы әкімдігіжәнеПавлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы "ММ" Ертіс орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК.
Мекенжайы: ҚР, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қожаберген батыр көшесі, 15.
Аудандық аурухана өз құрылымында 37 төсек тәулік бойы стационар, 35 төсек стационар алмастыратын көмек бөлімшесіне арналған, 110 келушіге арналған емхана, 4 ВА, 2 ФАП, 19 медициналық пункт бар. БМСК учаскелік қызметі 12 учаскеден тұрады, оның ішінде 8 жалпы дәрігерлік практика учаскесі, 2 терапевтік және 2 педиатриялық учаскілері.
Телефон номерлері:
Басшының м.а. Мұстафин Қуандық Болатұлы: тел.8(71832) 2-26-38 факс 2-26-38 irt_pol@mail.ru
Бас есепші Абулкаирова Айнур Сейпуллқызы: тел. 8(71832) 2-47-95