контакт: 8(71836)21545 shrcrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Гагарина қ., 49
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

 

 

Тарихи анықтама

«Шарбақты аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шарбақты аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК – заманауи диагностика, емдеу, оңалту және профилактика әдістерін қолдана отырып, сапалы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым. Мекенжайы: Шарбақты ауылы, Ленин көшесі, 49. Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (71836) 2-15-45.

1929 жылы ауданның медициналық мекемелер желісі төмендегідей болды:

  • дәрігерлік амбулаториясы бар 1 аурухана;
  • стационарлық аурухана;
  • 5 фельдшерлік-акушерлік пункт.

1941 жылғы 14 қазанда Шарбақты ауылында Орта Азия әскери округінің күшімен №3604 эвакуациялық госпиталь құрылды. Ол САБО құрамына кіргенімен, әрекет етуші армия құрамында болған жоқ. 1943 жылғы 09.03 күні таратылды. Госпитальдың төсек қоры – 200 орын.

1942 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша онда 240 адам орналастырылды.

Госпитальда төмендегі кабинеттер жабдықталды:

  • рентген кабинеті;
  • физиокабинет;
  • емдік дене шынықтыру кабинеті.

1941 жылғы 11.09 бастап госпиталь бастығы – әскери дәрігер Гирская Софья Степановна болды.

1942 жылғы 04.07–18.08 аралығында (Гирская С.С. хирургия бойынша біліктілікті арттыру курстарында болған кезеңде) уақытша дәрігер міндетін атқарушы – госпиталь бастығының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Коновалов Константин Исаевич болды.

1942 жылғы 19.08–1943 жылғы 21.03 аралығында госпиталь бастығы болып уақытша дәрігер Темпераментов Александр Федорович тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы жылдары медицина қызметкерлерінің жалпы жиналысында жалақы үстемақысын толықтай «Қазақстан медигі» авиаэскадрильясына аудару туралы шешім қабылданды.

1944 жылы Цюрупин ауданынан бөлініп шыққан Галкин ауданының құрылуына байланысты Галкин аудандық денсаулық сақтау бөлімі мен Галкин аудандық ауруханасы құрылды.

1957 жылдың қазан айында Галкин және Цюрупин аудандары біріктіріліп, бір Цюрупин ауданы болып құрылды. Галкин аудандық ауруханасы учаскелік аурухана санатына ауыстырылды.

1957 жылдың қазанына дейін Цюрупин аудандық ауруханасы Цюрупин аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің денсаулық сақтау бөліміне бағынды.

1957 жылдың қазан айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 06.08 №487/17 қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ісін неғұрлым тиімді және жедел басқару мақсатында аудандық денсаулық сақтау бөлімдері таратылды.

Осыған байланысты 1957 жылдың соңында ауданның медициналық мекемелерін басқару Цюрупин аудандық ауруханасына жүктеліп, сол уақыттан бастап ол орталық аудандық аурухана деп атала бастады.

1963 жылдың қаңтарында Цюрупин ауданы Шарбақты ауданы болып өзгертіліп, орталық аудандық аурухана «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» деп аталды.

1965 жылы Шарбақты ауруханасының 60 төсектік ғимараты пайдалануға берілді. Оның ішінде:

  • 30 төсектік терапиялық бөлімше;
  • 30 төсектік хирургиялық бөлімше, оның ішінде 8 гинекологиялық төсек;
  • жеке ғимаратта орналасқан 15 төсектік инфекциялық бөлімше болды.

Кейіннен инфекциялық бөлімше Сосновка ауылдық учаскелік ауруханасына көшірілді.

Аурухана бір қабатты ғимаратта орналасты. 1966 жылы қосымша ғимарат салынып, онда балалар консультациясы мен 30 төсектік балалар бөлімшесі ашылды.

1971 жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуді 120 төсектік орталық аудандық аурухана жүзеге асырды. Сонымен қатар аудан халқына:

  • 65 төсектік туберкулез диспансері;
  • аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станция;
  • 6 учаскелік аурухана:
    • Алексеев – 35 төсек;
    • Галкин – 50 төсек;
    • Қарабидай – 25 төсек;
    • Соснов – 50 төсек;
    • Хмельницкий – 25 төсек;
    • Шалдай – 35 төсек;
  • 13 фельдшерлік-акушерлік пункт;
  • 15 фельдшерлік пункт қызмет көрсетті.

1972 жылы хирургиялық төсектер саны 50-ге дейін көбейтілді.

1973 жылы онкологиялық науқастарға медициналық көмекті жақсарту мақсатында орталық аудандық аурухана жанынан онкологиялық қызмет жұмыс істей бастады. Сол жылы бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілді.

1987 жылы типтік жоба бойынша салынған аурухана кешені пайдалануға берілді. Осыған байланысты терапиялық, хирургиялық, гинекологиялық, перзентхана және балалар бөлімшелеріндегі төсек саны 220-ға дейін ұлғайды. Бір ауысымда 200 адам қабылдайтын аудандық емхана жұмыс істеді.

1994 жылы әкімшілік басшысының 1994 жылғы 5 қазандағы №208 өкімі негізінде ауылдық учаскелік ауруханалар жабылып, олардың базасында ауылдық дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

1999 жылы аудан әкімінің 5 ақпандағы «Ауданның бюджеттік денсаулық сақтау мекемелерін тіркеу және жаңа заңды тұлғалар құру туралы» шешімімен Шарбақты орталық аудандық ауруханасы қазыналық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Қайта ұйымдастыруға байланысты ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға дербес баланс бөлінді.

1999 жылы орталық аудандық ауруханада келесі бөлімшелер болды:

  • хирургиялық;
  • гинекологиялық;
  • терапиялық;
  • перзентхана;
  • жедел медициналық көмек пункті.

Аурухана құрамындағы емханада:

  • рентген кабинеті;
  • флюорография кабинеті;
  • зертхана;
  • қан құю пункті;
  • балалар консультациясы;
  • дәрігер кабинеттері:
    • окулист;
    • невропатолог;
    • хирург;
    • терапевт;
    • дерматовенеролог;
    • стоматолог;
    • гинеколог жұмыс істеді.

Аудан аумағында 8 дәрігерлік амбулатория және 24 фельдшерлік пункт қызмет атқарды.

2009 жылы Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 қаулысына сәйкес дәрігерлік амбулаториялар «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрамына қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

2013 жылғы 31 қазандағы №381/12 Павлодар облысы әкімінің қаулысымен «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды.

2018 жылғы 4 қазандағы №345/6 қаулысына сәйкес «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» атауы «Шарбақты аудандық ауруханасы» болып өзгертілді.

Шарбақты аудандық ауруханасынан шыққан белгілі дәрігерлер

Шарбақты аудандық ауруханасынан кейіннен облыстық мекемелерде басшылық қызметтер атқарған және бөлім меңгерушілері болған дәрігерлер шықты. Олар:

  • Шахова Мария Семеновна – ЛОР дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург қаласы;
  • Исабаев Орынбасар Душанович – педиатр дәрігер, Семей қаласындағы облыстық перзентхананың бас дәрігері;
  • Нуралин Совет Габдуллинович – анестезиолог-реаниматолог дәрігер, Екібастұз қаласындағы «Нұр» медициналық орталығының директоры;
  • Шакенов Олжас – стоматолог дәрігер, Павлодар қаласындағы жеке стоматологиялық клиниканың жетекшісі;
  • Корниенко Тамара Никифоровна – акушер-гинеколог дәрігер, Г. Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі;
  • Черевко Татьяна Павловна – анестезиолог-реаниматолог дәрігер, облыстық диагностикалық орталықтың эндоскопия кабинетінің меңгерушісі.

Ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан жеке үлесі мен адал еңбегі үшін хирургиялық бөлімшенің хирургі Амарбаев Галиттен «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Дулатов Қуат Дулатұлы – акушер-гинеколог дәрігер, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кисилишина Светлана Николаевна – офтальмолог дәрігер, көп жылғы адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Серкебаева Қырмызы Серіковна – стоматолог дәрігер, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Савенков Константин Сергеевич – рентген зертханашысы, Шарбақты ауылының «Даңқ аллеясына» енгізілді.

Сонымен қатар Шарбақты ауданының денсаулық сақтау саласының дамуына дәрігерлер Қасымова Людмила Викторовна, Швацкая Людмила Константиновна, Дулатов Қуат Дулатұлы, Серкебаева Қырмызы Серіковна зор үлес қосты.


Ауылдық медициналық ұйымдарды дәрігерлермен қамтамасыз ету мақсатында медициналық академиялардың емдеу факультеттерінің студенттерімен интернатура ақысын төлеу арқылы үшжақты келісімшарттар жасалады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа келген жас мамандарға барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер тұрғындарына көмек көрсету үшін көшпелі медициналық кешен жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта аудан халқына медициналық қызмет көрсетуді:

  • тәулік бойы жұмыс істейтін 35 төсектік аудандық аурухана:
    • терапиялық бөлімше;
    • хирургиялық бөлімше;
    • гинекологиялық бөлімше;
    • балалар бөлімшесі;
    • перзентхана бөлімшесі;
  • 53 төсектік күндізгі стационар;
  • бір ауысымда 200 адам қабылдайтын емхана;
  • 5 дәрігерлік амбулатория;
  • 21 медициналық пункт жүзеге асырады.

Оларға 8 дәрігер мен 115 орта буын медицина қызметкері қызмет көрсетеді.

2015 жылы Хмельницкое ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынды.

2023 жылы Чигириновка ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Қабылдау жүргізетін дәрігерлер:

  • терапевт;
  • педиатр дәрігерлер;
  • акушер-гинеколог;
  • стоматолог;
  • хирург;
  • кардиолог;
  • психиатр-нарколог;
  • невропатолог;
  • офтальмолог;
  • ЛОР дәрігері;
  • онколог.

Сонымен қатар медициналық оңалту қызметтері көрсетіледі:

  • физиотерапия;
  • массаж.

Аудандық ауруханада келесі кабинеттер жұмыс істейді:

  • УДЗ кабинеті;
  • эндоскопия кабинеті;
  • ЭКГ кабинеті;
  • рентген кабинеті;
  • флюорография кабинеті;
  • клиникалық зертхана;
  • биохимиялық зертхана;
  • серологиялық зертхана.

Аурухана бөлімшелері:

• Күндізгі стационар
• Жалпы кешенді бөлімше

  • терапиялық төсектер;
  • хирургиялық төсектер;
  • травматологиялық төсектер;
  • балалар төсектері;
  • босанған әйелдерге арналған төсектер.

2023 жылы жаңа санитарлық автокөліктер сатып алынды.


«Шарбақты аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК басшылары

1936 жылдан 13.10.1939 жылға дейін – Цюрупин ауруханасының меңгерушісі Целин Александр Иванович.

1939–1941 жж. – Рыпаненко Наталья Давыдовна.

1941–1943 жж. – уақытша дәрігер міндетін атқарушы, фельдшер Винс Иван Иванович.

1943–1944 жж. – дәрігер Такелло Иван Петрович.

1945–1947 жж. – Дайнеко Надежда Николаевна.

1948–1950 жж. – Томашов Михаил Михайлович.

1951 ж. – уақытша міндетін атқарушы Кутмин Александр Васильевич.

1951–1955 жж. – Ким Роман Семенович.

1955–1956 жж. – Бузыкин В.В.

1956–1957 жж. – Копцев Г.Д.
(бұған дейін Хмельницкий учаскелік ауруханасының меңгерушісі болған).

1957–1963 жж. – Кутмин Никандр Васильевич.

1963–1968 жж. – Батонов Иван Иванович.

1968–1989 жж. – Уздембаев Қайыртас Жанұзақұлы.


Уздембаев Қайыртас Жанұзақұлы

1930 жылғы 22 наурызда Цюрупин ауданының Бауртал ауылында дүниеге келген.

Жаңаауыл орта мектебін бітіргеннен кейін Қарағанды медициналық институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы тәмамдады. Еңбек жолын Шалдай ауылдық учаскелік ауруханасында хирург дәрігер болып бастады. Бір айдан кейін Галкин аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

1957 жылы екі аудан біріктірілгеннен кейін Галкин учаскелік ауруханасының бас дәрігері қызметіне ауыстырылып, 1968 жылға дейін хирург дәрігер қызметін қатар атқарды.

1968 жылы Шарбақты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалып, бұл қызметте 1989 жылға дейін еңбек етті.

Оның еңбегі:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен;
  • көптеген грамоталармен марапатталды.

1990–1991 жж. – Касаткин Михаил Дмитриевич.

1991–1995 жж. – Бейсенова Нұрипа Бейсеновна.

1996–1998 жж. – Шарифьянов Темирьян Гарифьянович.

1998–2000 жж. – Ибрагимова Карлыгаш Халеловна.

2000–2007 жж. – Әбенов Мейрам Жанатұлы.

2007–2010 жж. – Ситказинов Айдар Кинжитайұлы.

2011–2021 жж. – Қасымова Бақыт Қабидоллақызы.

2021–2022 жж. – Садвакасов Манат Нұрбекұлы.

2022–2023 жж. – Мекишев Алмас Мұхтарұлы.

2023 жылғы 15 маусымнан 2025 жылғы 16 маусымға дейін басшы міндетін Бекенова Жанара Қажыбайқызы атқарды.

2025 жылғы 17 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін басшы – Қасымова Бақыт Қабидоллақызы.