ШЖҚ "Павлодар облысының Хосписі" КМК көрсетілетін паллиативтік көмек бойынша қызметтер тізімі
Паллиативтік көмек алуға 3-4 сатыдағы онкологиялық аурулардан зардап шегетін адамдар, емделмейтін сатыдағы созылмалы аурулары бар адамдар (бауыр циррозы, терминалдық сатыдағы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, терминалдық сатыдағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі), паллиативтік көмекке мұқтаж онкогематологиялық аурулары бар балалар құқылы.
Паллиативтік көмек көрсету жөніндегі қызметтер тізбесі:
Медициналық көмек:
тәулік бойы стационарда емдеу (созылмалы ауырсыну синдромын емдеу, қуықтың катетеризациясы, қан кетуді тоқтату, жараларды емдеу, таңу, төсек жараларын емдеу және алдын алу, науқастың жағдайын ауырлататын басқа белгілерді емдеу);
пациенттің үйде емделуі (дәрігердің қарауы, ұсынымдар, патронаттық медбикенің тағайындауларын орындау-тек онкологиялық аурулары бар науқастар үшін);
Әлеуметтік қолдау:
әлеуметтік жәрдемақыларды ресімдеу, мүгедектік тобын беру кезінде кеңес беру және көмек көрсету, жалғыз тұратын пациенттер үшін әлеуметтік қызметкерді тіркеу , тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін МӘС және қайта әлеуметтендіру орталығында ресімдеу.
Науқастың туыстары мен жақындарын күтім элементтері мен медициналық манипуляцияларға үйрету.
Психологиялық/терапевтіккөмек:
туыстарының ауруымен байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған науқастарға, олардың туыстары мен жақындарына, отбасы мүшелеріне психологиялық көмек және терапевтік қолдау көрсету. Көмек кеңестер, тренингтер, әңгімелер түрінде көрсетілуі мүмкін.