Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ШЖҚ «Павлодар облысының хосписі» КМК тәулік бойы стационар жағдайында, сондай-ақ пациенттің үйіне барып паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.
Маңызды! Паллиативтік медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
1. Тәулік бойы стационар
Хоспистің стационары онкологиялық аурулардың III–IV сатысындағы пациенттерге, сондай-ақ декомпенсация сатысындағы ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерге тәулік бойы медициналық бақылау, емдеу және күтім көрсете отырып паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.
2. Выездтік қызмет
Мобильді бригаданың шығуы пациентке қызмет көрсету орнына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бригаданың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ететін мамандандырылған немесе мамандандырылмаған автокөлікті пайдалана отырып, ПМСП ұйымының жұмыс уақыты ішінде дәрігерлік немесе фельдшерлік (мейіргерлік) бригадалармен жүзеге асырылады.
Мобильді бригаданың құрамына мыналар кіреді:
-
дәрігер (дәрігерлер);
-
орта медициналық қызметкер (орта медициналық қызметкерлер);
-
психолог;
-
медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер).
Мобильді бригаданың алғашқы шығуы өтінім қабылданғаннан кейін бір тәулік ішінде дәрігер және (немесе) фельдшердің мейіргердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Осы өтінім бойынша паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін кейінгі шығулар пациенттің жағдайының ауырлығына және қажеттілігіне байланысты мобильді бригаданың жекелеген мүшелерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мобильді бригаданың жұмысы дәрігердің басшылығымен жүзеге асырылады. Ресурстар шектеулі жағдайларда мобильді бригаданың ең аз құрамы паллиативтік көмек көрсету бойынша тиісті даярлықтан өткен дәрігерді (фельдшерді) және мейіргерді қамтиды.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя