контакт: 8(718)2208854 bpp-pav@mail.ru Пациенттерді қолдау бойынша байланыс орталығы: 87084667905 жұмыс кестесі: 08:00-17:00
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
Медициналық қызметтер

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен «Павлодар облысының хосписі» ШЖҚ КМК арасындағы шартқа сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі

«Павлодар облысының хосписі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты туралы» сәйкес тәулік бойы стационар жағдайында және пациенттің үйіне барып паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.

Маңызды!
Паллиативтік медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.


Тәулік бойы стационар

Хоспис стационары онкологиялық аурулардың III–IV сатысындағы, сондай-ақ декомпенсация сатысындағы ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерге тәулік бойы медициналық бақылау, емдеу және күтім көрсету арқылы паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.


Көшпелі қызмет

Мобильді бригаданың шығуы дәрігерлік немесе фельдшерлік (мейіргерлік) бригадалармен жүзеге асырылады. Ол санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, пациентке қызмет көрсету орнына бригаданы уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін мамандандырылған немесе мамандандырылмаған автокөлікті пайдалану арқылы, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымының жұмыс уақыты ішінде жүргізіледі.

Мобильді бригаданың құрамына мыналар кіреді: дәрігер (дәрігерлер), орта медициналық қызметкер (мейіргерлер), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер).

Мобильді бригаданың алғашқы шығуын өтінім қабылданған сәттен бастап тәулік ішінде дәрігер және (немесе) фельдшер медициналық мейіргердің сүйемелдеуімен жүзеге асырады. Осы өтінімге байланысты паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін кейінгі шақыртулар пациенттің жағдайының ауырлығына және қажеттілігіне қарай мобильді бригаданың жекелеген мүшелерімен орындалады.

Мобильді бригаданың жұмысы дәрігердің басшылығымен жүзеге асырылады. Ресурстар шектеулі болған жағдайда мобильді бригаданың ең төменгі құрамы паллиативтік көмек бойынша тиісті даярлықтан өткен дәрігерді (фельдшерді) және медициналық мейіргерді қамтиды.