контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
САНЭПИДБАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ А.ЕСМАҒАМБЕТОВА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ QAZVAC ВАКЦИНАСЫМЕН ВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ
29-04-2021 08:50
САНЭПИДБАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ А.ЕСМАҒАМБЕТОВА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ QAZVAC ВАКЦИНАСЫМЕН ВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ
Кеше, 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді.
Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.
«Вакцинация - пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі. Сондықтан вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыру өте маңызды. Мен мысал ретінде вакцинацияның мүлдем қауіпсіз және тиімді екенін көрсеткім келді. Біз бәріміз неғұрлым тез вакцинациялансақ, соғұрлым тезірек шектеу шараларынсыз өмірге ораламыз», - деді А. Есмағамбетова вакцинациядан кейін.
Ол отандық QazVac вакцинасын шығарумен қазақстандықтарда вакцина таңдау мүмкіндігі пайда болғанын, оны халық белсенді пайдаланатынын атап өтті. вакцина. Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды
Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін бізде халықтың 60% вакцинациялануы керек. Тек осылай ғана вирустың айналымын тоқтатуға болады, деді Комитет басшысы.
«Бізде мұндай қамту жоқ және вирус айналымы жалғасуда. Сондықтан, әзірге біз ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмадық, маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет», - деп атап өтті А. Есмағамбетова.