Бүгін, 2021 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Железин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Короновирусқа қарсы вакцина алды.
Вакцинация алдында мамандар міндетті медициналық тексеруден өтті және де оларға COVID-19 вакцинациясының қатысушысына жадынама берілді.
Чумаков Д.А. - вакцинаның бірінші компонентін алған Железин ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры: «Науқастардың арасында болғаннан гөрі, вакцина алған жақсы», - деді.
Вакцинация және табын иммунитеті коронавирустың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Оның дамуы үшін ересек тұрғындардың кем дегенде 60% вакцина егу керек, дейді дәрігерлер.