контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Дәрігер қабылдауына жазылу
17-02-2023 15:10
Дәрігер қабылдауына жазылу

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу туралы хабарламаны және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген жауапты алу мүмкіндігін береді.

 

1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

2. Telegram-бот арқылы

1. Telegram-бот-пен жұмыс істеу үшін өз телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасында тіркеуіңіз  қажет.  

2. Telegram мессенджерді өз смартфоныңызға орнатыңыз, «Іздеу» алаңында @EgovKzBot ботының атауын теріңіз және «Бастау»  командасын басыңыз, бұдан әрі мәзірден   «Телефон нөмірін жіберу» дегенді таңдаңыз.   

3. Бастағаннан кейін көрсетілген команда-батырмалардың  көмегімен бірден көрсетілетін қызметке сұрау салу жіберіңіз. Ол үшін қажетті көрсетілетін қызметті, оның параметрлерін таңдаңыз және  сұрау салуды алынған SMS-код арқылы растаңыз.

4. Алынған қызметтің нәтижесін мәртебесі «Дайын»  болып өзгергеннен кейін жүктеп алып, қалаған электрондық поштаға жіберуге болады.

SMS-кодты алу мәселелері туындаған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.

3. Мобильдік қосымшасы арқылы

1. Мобильді қосымшада бір реттік пароль* немесе ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

2. Қажетті қызметті таңдаңыз, қажет болса сұрау салу орнын толтырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.

3. Сұрау салуға ЭЦҚ немесе Бір реттік пароль** арқылы қол қойыңыз.

4. Қызмет көрсету нәтижесімен "Қызметтер каталогы" бөліміндегі "Тапсырыстар тарихында" немесе "Хабарламалар" бөлімінде танысуға болады.

* - мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу болу тиіс

** - бір реттік пароль арқылы қол қою мүмкіндігі қызмет түріне байланысты

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1. МСАК ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру. 
2. Порталға электрондық форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.

Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркелу қажет, олай болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады.

Құрметті қолданушылар! «Электронды үкімет» порталының жеке кабинетінің Денсаулық паспортында қабылдауға алдын-ала жазылу үшін учаскелік дәрігеріңізді қарауға болады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігі негіз бола алады.