Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС қарапайым тілде» деп аталатын көлемді материал дайындады. Мақалада медициналық сақтандыруға қатысты негізгі сұрақтарға жауап жинақталған.
Сіз аударған жарна қайда жұмсалады? ТМККК мен МӘМС пакетіне не кіреді? Кім және қанша төлейді? Қажетті тексеруден немесе емнен қалай өтуге болады? Егер сізге медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе оның ақысын төлеуді ұсынса, не істеу керек?
Жүйенің қалай жұмыс істейтінін және өз құқықтарыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керегін түсіндіреді.
Материалды Қор сайтынан оқи аласыз.
Егер материалды оқып шыққаннан кейін сұрақ қалса, Қор сайтында «МӘМС-гид» нұсқаулық бөлімі бар. Ал «Өтініш беру» сервисі арқылы Қорға тікелей жүгіне аласыз.
https://msqory.kz/kk/osms-prostymi-slovami/