Алкогольді тұтынудың алдын алу айлығы шеңберінде 1,2,3 курс студенттері үшін онлайн-семинарлар өткізілді
9.10-13.10.2020 Медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы А.А. Небельцова алкогольді тұтынудың алдын алу айлығы шеңберінде Ақсу қаласының түсті металлургия колледжінің 1,2,3 курс студенттері үшін онлайн-семинарлар өткізді.
Семинар барысында алкогольді тұтынудың жағымсыз салдары және оның жас ағзаға әсері туралы ақпарат ұсынылды. Семинар соңында балалар алкоголизмнің қалыптасуына қандай факторлар әсер ететіні және маскүнемдіктің алкогольге тәуелділіктен айырмашылығы және т.б. туралы сұрақтар қойды.