контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Білім беру мекелермен өзара әрекеттесу
15-01-2021 08:16
Білім беру мекелермен өзара әрекеттесу

​2021 жылғы 15 қаңтарда сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы Е.А Глотова №39 орта мектебінің ата-аналарымен «Жасөспірімдердегі дағдарыстық жағдайлардың алдын алу» онлайн-кездесуіне қатысты.

жасөспірім кезеңі балалардың көпшілігінде дағдарыстық жағдайлардың туындауымен сөзсіз байланысты екендігі атап өтілді. Жедел дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мақсатында маман бірқатар ұсыныстар айтты.

​Біріншіден, баламен сөйлесу, оған оның жағдайы туралы сұрақтар қою, болашақ туралы әңгімелер жүргізіп жоспар құру қажет. ​

Екіншіден, күнделікті өмірге әртүрлілік қосуға тырысу, баламен жаңа нәрселер жасай отырып бұрын-соңды жасап көрмеген нәрселермен айналысу. ​

Үшіншіден, кез-келген психологиялық дағдарыстың психофизиологиялық негізі бар болғандықтан, күнделікті режимді және физикалық жағдайды сақтау қажет. ​Ең бастысы - егер жасөспірімде жасөспірімнің мінез-құлқында ата-анасы түсіндіре алмайтын өзгерістер болса, психологтан немесе психиатрдан кеңес алу қажет.