контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
"Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбы бойынша онлайн-семинарлар өткізілді.
21-01-2021 08:30

14.01.-21.01.21 ж Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Небельцова Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп "Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбы бойынша Монтаждау, Мұнай-газ, Машина жасау және химия-механикалық колледждердің 1 курс студенттерімен онлайн-семинарлар өткізді.

Семинар барысында студенттер жасөспірімдер мен жастардың алкоголь, есірткі және басқа заттарды қолдану себептері туралы ақпаратпен танысты. Қауіп факторлары және есірткінің адам ағзасына әсерінің салдары туралы ақпарат алды. Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы - полиция майоры И.А. Темірғалиева балаларды есірткінің заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы таныстырды.

Семинар соңында балалар сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.