1.03.2021-11.03.2021 ж. аралығында Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Небельцова Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп "Психоактивті заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында №19,№12,№14, №18 мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен онлайн-семинарлар өткізді.
Семинар барысында психолог есірткінің жастар ағзасына әсері туралы айтып берді. Жасөспірім кезінде есірткіні қолдану қаупі неде екенін және "есірткіні уақытша қолдану" немесе "жеңіл есірткі"сияқты ұғымдар жоқ екенін үнемі түсіндіру қажет. Көрнекілік үшін оқушыларға слайдтық материал және тақырыптық бейнеролик көрсетілді, онда есірткі құралдарын қолданудың зиянды салдары туралы баяндалды. Алдын алу бөлімінің бастығы полиция майоры И.А. Темірғалиева бүгінгі күні полиция органдары есірткі дилерлерінің интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді есірткіні тарату үшін белсенді пайдаланатындығына алаңдайтынын атап өтті.
Ал жастар әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары болып табылады. Есірткіні сақтау мен таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.