2021 жылғы 21 желтоқсан күні Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының алдын алу бөлімі бастығы полиция подполковнигі И. А. Тимиргалиевамен бірлесіп Павлодар көркемсурет колледжінің 1-курс студенттерімен тренинг өткізді.
Іс - шараның негізгі мақсаты-есірткіні қолданудың жағымсыз салдары туралы хабардар ету, жастардың бойында оны қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Тренинг барысында студенттер өздері талдаған өлшемшарттар мен мынандай наным-сенімдерді: есірткінің таралу ауқымы, белгілі бір есірткінің зияны, есірткінің әртүрлі түрлеріне қатысты заңдарды қозғады. Тілдесу интерактивті түрде өтті және студенттер үшін өз ойларын, пікірлерін білдіруге және осы тақырыпты талқылауға ықпал ететін қолайлы атмосфераны құруға септігін тигізді.