12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні. Айтулы және маңызды мерекелердің бірі. Бірде-бір аурухана мекемесі мен бірде-бір дәрігер медбикесіз жұмыс істей алмайды. Олар өте маңызды адамдар, үлкен жұмыс жасап, әр науқастың өмірі үшін одан да үлкен жауапкершілік атқарады.
Құрметті медбикелер, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Жұмыста табыс, батыл идеялар, еңбек жолында жоғары кәсіби жетістіктер тілейміз. Медбикелер күніне орай денсаулық сақтау жүйесіндегі мінсіз, адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасымен:
- А.Ш.Валиханова – Павлодар қ. Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының (УБУО) аға медбикесі;
- А.Е Нургалиева – 1-ерлер бөлімшесінің аға медбикесі марапатталды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. К. Ситказиновтың Құрмет грамотасымен:
- О.А Мартынова – 1-ерлер бөлімшесінің палата медбикесі;
- Г.К. Сексембаева - наркологиялық қызметтің жалпы клиникалық бөлімшесінің учаскелік медбикесі;
- А. К Утильдинова - балалар бөлімшесінің палата медбикесі;
- Н. Г. Губина - невротикалық бұзылулар бөлімшесінің емшара медбикесі;
- О. А. Комиссарова - ерікті наркологиялық бөлімшенің емшара медбикесі;
- З.К.Абишева – 2-әйелдер бөлімшесінің палата медбикесі;
- Т. Т. Аубакирова - № 2 мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің палата медбикесі;
- Н.А.Кондурова - № 1 мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің палата медбикесі;
- Р. О. Муликова - психиатриялық қызметтің жалпы клиникалық бөлімшесінің учаскелік медбикесі;
- С.Г. Казкенова - Екібастұз бөлімшесінің учаскелік медбикесі;
- Д.Ж. Мухтарова Екібастұз бөлімшесінің аға медбикесі марапатталды.