контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен уытқұмарлықтың алдын алу бойынша тренинг өткізілді
27-12-2022 12:41
Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен уытқұмарлықтың алдын алу бойынша тренинг өткізілді

2022 жылғы 26 желтоқсанда Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен уытқұмарлықтың (токсикомания) алдын алу бойынша тренинг өткізді.

Тренинг барысында жасөспірімдер оның не екенін, себептері мен салдары туралы мәлімет алды.

Уытқұмарлық - психотроптық дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық химия құралдарын және есірткіге жатпайтын басқа да у болып табылатын заттарды бақылаусыз шамадан тыс қабылдау.

Бұл заттар бір топқа біріктірілмегенімен, ағзаға әсері ұқсас. Екеуі де тәуелділікке, өлімге әкеледі, жеке тұлғаға, әлеуметтік мәртебеге және денсаулыққа теріс әсерін тигізбей қоймайды.

Зиянды әдетке әкелетін негізгі заттар өнеркәсіптік және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған ұшпа қосындылар болып табылады.

Балалық және жасөспірім кездегі улы заттарға тәуелділік мына себептерге байланысты:
- қызықты оқиғаларға деген ұмтылыс;
- нашар ортамен байланыс;
- мінез ерекшеліктері, яғни, эмоционалды тұрақсыздық, " жоқ " деп айта алмау, құрдастарына еліктеу, басқаларға бағыну;
- тәуелсіз болуға құштарлық, білімсіздік, әдепсіздік, әлсіз ерік, төмен интеллект, адамгершілікке немқұрайлы қарау, өзін-өзі сынау;
отбасындағы қолайсыздық;
- есірткіге қаражат болмай осындай уытқұмарлыққа баруы.

Уытқұмарлық - адам ағзасына да, оның әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне, психологиялық жағдайына да үлкен зиян келтіреді. Кейбір заттардан психологиялық күй ғана емес, физикалық тәуелділік те дамиды.

Уытқұмар болудың әртүрлі аурулары бар :
тыныс алу жолдарының күйіктері,
өкпенің қатерлі ісігі, өкпеден қан кету,
бауыр циррозы,
бүйрек ісіктері,
жүрек ауруы,
деменция.
Осы тізбектелген көптеген әсерлердің көбі қайтымсыз