2023 жылғы 5-6 қаңтар күндері Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова № 16 және №28 жалпы білім беретін мектептердің педагогтарымен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша семинарлар өткізді.
Кездесудің мақсаты - педагогтердің профилактикалық тақырыптағы психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Семинар барысында педагогтар синтетикалық препараттарды қолданудың салдары, олардың ағзаға тигізетін кері әсерімен танысты.
Егер, жасөспірімнің есірткі заттарын қолдануға байланысты оқу орнында мас күйі жөнінде күдік туындаса, ондай жағдайда мұғалімдермен бірлесіп, мынадай негізгі әрекеттік тұжырымдар жасалды :
1. Білім беру ұйымының медицина қызметкерін шұғыл шақыру. Медицина қызметкері кәмелетке толмаған жасөспірімнің жағдайын бағалап, тексеру деректерін медициналық картаға түсіруі керек.
2. Егер білім алушының жалпы жағдайы жедел есірткі мас күйі ретінде бағаланса – жедел жәрдем бригадасын шақыру.
3. Оқиға туралы білім беру ұйымының әкімшілігіне хабарлау.
4. Жасөспірімнің ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға болған жағдай туралы хабарлау.
5. Уытты заттарды қолданудың себептері мен жағдайлары туралы жедел түрде талқылау жүргізу орынды емес.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшенің инспекторын шақыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев