контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
№29 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларымен ішімдікті (алкогольді) тұтынудың алдын алу бойынша диалог алаңын өткізілді.
20-01-2023 09:39
№29 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларымен ішімдікті (алкогольді) тұтынудың алдын алу бойынша диалог алаңын өткізілді.
2023 жылғы 19 қаңтар күні Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова №29 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларымен ішімдікті (алкогольді) тұтынудың алдын алу бойынша диалог алаңын өткізді.

Диалог барысында жасөспірімдер алкоголизмінің себептеріне, сондай-ақ ішімдіктің жасөспірім ағзасына тигізетін әсеріне талдау жүргізілді.
Жасөспірімдер алкоголизмінің негізгі себептерінің бірі - отбасындағы қарым-қатынас. Егер отбасында теріс, жағымсыз қатынас, зорлық-зомбылық, түсінбеушілік, ата-ананың шамадан тыс қамқорлығы болған жағдайда, жасөспірім ішімдікке жақын бола бастайды.
Көбінесе жасөспірімдер алкогольді "отбасылық мерекелерде", "демалыс күндері қонақтар келгенде" өз отбасында алғаш татып көреді.
Жасөспірімдер үшін достарымен қарым-қатынас өте маңызды.
Сондықтан олар алкогольді:
* ішімдік ішетін достарынан қалмау, көпшіл болу, көп сөйлеу, өз пікірлерін үшінші тараптың бағалауынан қорықпау кезінде;
* жыныстық тартымдылықты сезіну үшін, басқаға ұнау үшін;
* батыл және сенімді болу үшін;
* күрделі шындықтан алшақтау үшін тұтынады.
Жасөспірімдердің ішімдікті үнемі тұтынуы ересек жастағы алкоголизмге қарағанда әлдеқайда ауыр және қауіпті. Себебі бұл уақытта адам ағзасы мен маңызды функцияларының өсуі мен дамуы жүреді.

Алкоголь адам ағзасының барлық маңызды жүйелеріне әсер етеді. Жасөспірімде айқын эмоционалды бұзылулар пайда болады: дөрекілік, немқұрайлылық, иланушылық. Ішімдікті күнде пайдалану салдары қайтымсыз. Нәтижесінде ішімдік байқаусызда өмірдің негізгі мағынасына айналады.