2023 жылғы 4-мамырда Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары, Тараз қаласында өткен “Психикалық денсаулық бойынша заманауи көзқарас”, “Психикалық және физикалық денсаулықты сақтау мен нығайту” шеберлік сыныбымен республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияға қатысты.
Іс - шара «Көне Тараз» этно- мәдени орталығының конференц -залдарында өтті. Конференцияның мақсаты- пациенттерді медициналық- әлеуметтік сауықтыру сапасын жақсарту болып табылады.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының психикалық денсаулық орталықтарынан мамандар қатысты.