2023 жылғы 11 тамызда балалар дәрігері психиатр О. В. Тюменцева Екібастұз қ. «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені» КМҚК "Балалардағы аутизм. Аутизм және вакцинация" тақырыбында өткен дөңгелек үстелге белсенді қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар келесі өзекті мәселелерді талқылады: денсаулық сақтаудағы АСБ бар балалармен жұмыстың негізгі бағыттары, АСБ бар балаларға ерте көмек көрсетуді әлеуметтік сүйемелдеу, білім берудегі АСБ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, ата-аналар жұртшылығының АСБ бар баланы оңалту және сүйемелдеу қажеттілігі.
Дөңгелек үстел соңында барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.