контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
03-04-2014 09:39
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

7 сәуір -  Бүкіләлемдік денсаулық күні - «Өз ғұмырың - өз қолыңда!»

 

Өткізілетін күні: 07 сәуір 2014ж.

Өткізілетін орны:

Батурина, 7/1

 

 

2014 жылғы сәуірдің 7-сі күні елімізде «Өз ғұмырың - өз қолыңда!» ұранымен әрбір павлодарлықты іс-шараға қатысуға, алғашқы медико-санитариялық көмек ұйымдарының денсаулық Мектептеріне барып қайтуға, әлеуметтік-маңызды ауруларды алдын ала анықтау үшін скринингтік тексеруден өтуге, өз денсаулығына ынтымақты жауап беруге шақырумен Бүкіләлемдік денсаулық күні өткізіледі.

           2014 жылғы наурыздың 12-сі күні Бүкіләлемдік денсаулық күні қарсаңында елімізде алғаш рет бір ай бойы халық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Денсаулыққа   7 қадам» марафоны өткізіледі.

           БДҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, адам денсаулығы 50%-ға өмір салтына байланысты. Көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуы (жүрек қан-тамыр жүйесі, қант диабеті және өзге аурулар) адамның өмір сүру салтына байланысты. Белсенді ұзақ ғұмыр - бұл оңтайлы дене белсенділігін қолдауды сақтай отырып, дені сау ұзақ өмір сүрудің бір мүмкіндігі. Май мен көмірсуды шектеп, көкөністер мен жемістер көлемін арттырып, ас тұзын пайдалануды қысқарта отырып, дұрыс тамақтанған жағдайда, ұйқы мен демалыс, бір қалыпты күш жұмсау және релаксация тәртібін ұстанған кезде адам 80 және одан астам жасқа дейін өмір сүре алады. Әлеуметтік-маңызды аурулардың дамуындағы қауіпті мінез-құлық факторларының маңыздылығы дәлелденген. Адамның мотивациялық сұхбаттасу көмегі арқылы зиянды әрекеттерден бас тартуды қолдау шылым шегушілер, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдаланушылар санын азайтады.

           Аурухана мамандары қазақстандықтардың 80 жасқа дейін және одан жоғары ғұмырларын ұзартуында салауатты өмір салтын бекіту үшін емделушілер арасында денсаулық әлеуетінің іргетасын қалау, оны сақтау және арттыру үшін ақпараттық-зерделік және түсіндірмелі жұмыстарын жүргізеді.

           Сондай-ақ үлгерім қатері факторының, қант диабетінің және әйел денсаулығын алдын алу бойынша денсаулық мектептері жұмыс істейді.

  

          

         Байланыс телефондары: 64-39-09 (қабылдау бөлмесі).