контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Өндірістік жарақаттар қауіп-қатер бойынша конференция
17-04-2014 06:24
Өндірістік жарақаттар қауіп-қатер бойынша конференция

 

Өндірістік жарақаттар қауіп-қатер бойынша конференция

№3 ПҚА мәжіліс залында «Өндірістік жарақаттар қауіп-қатерлері. Медицина қызметкерлерінің кәсіби зарарлануды алдын алу және парентеральды жұқпа. Қол тазалығы» тақырыбы  бойынша ауруханалық конференция жүргізілді.

Жалпы мейірбикелік конференцияны дайындау бойынша аурухананың операция блогы жауапты болды. Семинардың басында  барлық қатысушыларына пре-тесттер таратылды. Бөлімше мейірбикелері өздерінің жауаптарында В вирусты гепатитті  алдын алу, қолды өндеу тәсілдері туралы және жеке қорғау заттары   бойынша білімдерін көрсете білу керек болды.

Осындай маңызды сұрақ бойынша өзінің тұсаукесерін жұмыс орнында қызметкерлердің зарарлану қатері мүмкін болуы туралы, операция блогының аға мейірбикесі Е. Семенчук ұсынды. Жеке қорғаныс заттар бойынша операция блогының мейірбикелері А. Егинбаева мен В. Казанцева ақпаратты ұсынды. «Қол жуу алгоритмі» рөлдік ойынға 10 минуттен көп уақыт бөлінді. Материалды жақсы қабылдауына интерактивті тақта әсер етті. Бүкіл зал дәлме-дәл экрандағы қолдың әрекеттерін қайталады. Орта медицина қызметкерлерінің кез келген семинарлары қол жуу алгоритмі мен аяқталады.

№3 Павлодар қалалық аурухананың 98 мейірбикелері өздерінің білімдерін өндірістік жарақаттарды алдын алу сұрағы бойынша толықтырды. Алған білімдерін олар пост-тестте көрсетті. Конференция ұйымдастырушылары – эпидемиолог дәрігер Н.Бабина және бас мейірбике М. Байкетаева пре және пост-тесттерін мұқият тексеріп мәліметтерді өндеді. Тестілеу осындай семинарлар әрдайым жақсы нәтиже беретіндігін куәләндірәді: жас мамандардың кейбір білмейтін сұрақтары осындай іс-шараларда толықтырылады.

         Р. Апаева.