13 мамыр күні «Қазақстан-Павлодар» арнасында тікелей эфирде «Біздің қала – Город 718» хабарында №3 Павлодар қалалық ауруханасының дәрігерлері, инсульт орталығының меңгерушісі – Бахыт Болатбайқызы Ерубаева және неврологиялық науқастарды оңалту бөлімшесінің маеңгерушісі Айман Тоқтағанқызы Ерғазинова қатысты.
Инсультқа арналған бір сағаттық бағдарламада, №3 Павлодар қалалық ауруханасының дәрігерлері инсульт орталығының және оңалту бөлімшесінің жұмысы туралы сөз қозғады. Хабар мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді. Мамандар көрермендерді қысқаша инсульттың алғашқы белгілерімен таныстырып және осы сырқаттың заманауи медицинада емдеу мүмкіншілігі туралы айтылды. Эфирдің бірінші минутынан бастап облыс тұрғындары өздерінің сұрақтарын қоя бастады, олар сол сұрақтарына толық жауап алды. Қойылған сұрақтар аймақтағы проблемалар бар екенін көрсетеді. Ауруханаға пациенттер емге қалай жатқызылатыны туралы аз сұрақтар қойылған жоқ.
Хабарға келген қонақтың әңгімесі - инсультқа шалдыққан пациент тақырыбын толықтырды. Тікелей эфир кезінде студияға №3 Павлодар қалалық ауруханада емделген пациенттер қоңырау соғып, олар ақ халатты абзал жандарға алғыс, шығармашылық табыс және сәттіліктерін білдірді.
К. Апаев.