контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Мейіргер мерекесі
28-05-2014 05:44
Мейіргер мерекесі

 

Жылсайын бүкіл дүние жүзінде 12 мамыр күні Халықаралық мейіргер күнін тойлайды. Бұл мереке әйгілі ағылшын әйелі Флоренс Найтингейл (1820-1910) есімімен және  тұған күнімен тығыз байланысты.

Адам –аңыз,Флоренс Найтингейл Крым соғысында Турция лазареттерінде  қайрымдылық бикесі болып,  өзінің бүкіл өмірін игі іске арнады. Флоренс қайтыс  болғаннан кейін, ол туралы мәңгі есте сақтауы шешілді, оның туған күні мейіргерлердің кәсіби мерекесі деп жарияланды.

Облыс мейіргерлерін құттықтауға байланысты, №2 Қалалық ауруханада салтанатты түрде мереке өтті. Біздің аурухананы №3 ПҚА бас мейіргері  М.Қ. Байкетаева, хирургия бөлімшесінің аға мейіргері В.Л. Кандакова, операция блогының аға мейіргері Е.П. Семенчук, ИБ мейіргері З.М. Әбікеева және емдәм мейіргері А.О. Аязбаева ұсынды.

Осы салтанатқа  біздің облыстың және қалалар мейіргерлерінің ең үздіктері жиналды. Жоғары трибунадан олардың женіл емес еңбектерінде, пациенттерді емдеуде және оңалтуда алғыс сөздері айтылды. Марапаттаушылардың   арасында біздің аурухананың бас мейіргері           М.Қ. Байкетаева, бас мейіргердің  еңбегі Қала маслихатының Алғыс хатымен белгіленді.

К. Апаев.