контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА гинекология бойынша өткен семинар-тренинг
29-08-2014 11:16
№3 ПҚА гинекология бойынша өткен семинар-тренинг

 

Тамыз айында №3 қалалық ауруханада «Жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және егде жастағы әйелдерге медициналық көмектің жетілдіру шарасы туралы» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді.

Семинар өз алдына №3 қалалық аурухананың мамандарын ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің 2012 жылғы 03.04. №452 бұйрығына сәйкес, шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша оқытуды мақсат етіп қойды.

Жүктілік кезінде әйел адамның ағзасында айтарлықтай өзгерістер болады, бұл оның хал-жайына әсер етіп, әртүрлі патологиялық жағдайға себеп болады. Бұл санатқа жататын емделушілерге көрсетілетін медициналық көмектің алгоритмі туралы бұл күнгі оқыту тренингінде сөз айтылды. Бұл тренинге гинеколог-дәрігерлер Н.В. Петрусева мен Е.Н. Забелина., жан сақтау бөлімшесі меңгерушісінің м.а. А.К. Машиков., анестезиолог-дәрігер С.С. Ысқақов., қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі М.Н. Әміренова қатысты. Сондай-ақ жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістеріне гинекология бөлімшесінің ем-шара мейірбикесі А.А. Уәхитова., қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі И.Н. Булгакова., ЖМТБ мейірбикесі И.С. Бессарабова және клиникалық-биохимиялық зертхананың зертханашысы К. Рыспаева оқытылды.

Дәстүрлі түрдегі осындай семинарлар аурухана басшылығының қатысуымен және госпитальды эпидемиологтың қатысуымен өтеді, олар шараның соңында өз бағаларын береді.

К. Апаев