контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Еңбекті қорғауды мерекелеу
02-10-2014 01:45
Еңбекті қорғауды мерекелеу

1 қазанда №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында еңбек ардагерлерін құрметтеу салтанаты болып өтті. «Еңбек ардагері» деген жоғары атаққа №3 қалалық ауруханада 108 адам ие. Медицина мекемесінің кәсіби одақ комитеті, белсенді-медицина қызметкерлері, жастар ұжымның бірлігіне бағытталған осы шараға ұзақ дайындалды.

Салтанатты шараның шымылдығын қалалық аурухананың бас дәрігері М.Н. Ахметов ашты. Емхананың құрылымы бастауында тұрған әріптестерін мерекемен құттықтап, ол оларға зор денсаулық пен ғұмырлы өмір тіледі. Аурухананың басшысы медициналық мекеменің қалыптасуына көп еңбек сіңірген адамдарға шын жүректен ақтарылған лебізін білдірді. Ұрпақтың мұрагерлігі – денсаулық сақтаудағы жұмыстың ерекшесі: адамға медициналық оқу орнын аяқтағаннан соң да әлі талай білімін тәжірибеде ұштастыру керек болады. Осындайда маңызды рөлді ұстаз атқарады. Аурухананың аға буын дәрігерлері жастармен өз тәжірибелерімен шеберлікпен бөлісуде, тіпті құрметті демалысқа шықса да. Физиотерапевт-дәрігер Надежда Ивановна Черкасова - осыған жарқын мысал.

Ақ халатты абзал жанды адамдарға тамаша концерт қойылды. Туған ұжымға жетпіс адам қонаққа келді. Әріптестердің көптен күткен кездесуі, жағымды әңгіме, медицинадағы жаңалықтар сөзге арқау болды. Осындай керемет кездесу дастархан басында жалғасын тапты. Тығыз шаруаға қарамастан, аурухананың ұжымы толығымен уақыттарын аға ұрпаққа арнады. Аурухананың әкімшілігі әдеттегідей әрбір ардагерге сыйлық тарту етті.

К. Апаев.