Республикалық комиссияның шешімімен шетелде мамандарды дайындау бойынша №3 Павлодар қалалық ауруханасындағы Инсульт орталығының меңгерушісі Бақыт Болатбайқызы Ерубаева Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясына ие болды.
Жоғары санаттағы невропотолог дәрігері Б.Б. Ерубаева «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ маңызды емтиханының іріктеу конкурсындағы барлық айналымынан сәтті өткенің айта кету керек. Тәжірибеден өту үш айға есептелген, Чикагода жүргізіледі. Бақыт Болатбайқызының ойынша, заманауи дәрігер әрқашан өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыру қажет, себебі медицина бір орнында тұрмайтыны белгілі. Қазақстандық невропотологтар адамның өмірін сақтап қалу үшін білімі мен қазіргі әдіс-тәсілдерді толығымен қолдануда. Шетелдегі ең үздік жоғары оқу орындарында және емханаларында дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру, сөзсіз Республиканың денсаулық сақтаудағы өрісіне септігін тигізеді.
Біздің ел – өз азаматтарына Корея, Израиль, Америка Құрама Штаттарының, Канаданың, Англияның медициналық орталықтарында ғылыми тәжірибеден өтуге тамаша мүмкіндік беретін азғана мемлекеттердің бірі. Осындай өзара әреккеттесуден мемлекеттің өзі де ұтады. «Болашақ-медицина қызметкерлері» алатын тәжірибе, қазақстандықтардың денсаулығымен артығымен өтеледі.
К. Апаев.