контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА ЖРВЖ мен тұмау бойынша өткен конференция
03-11-2014 04:51
№3 ПҚА ЖРВЖ мен тұмау бойынша өткен конференция

30 қазанда №3 Павлодар қалалық ауруханасында ЖРВЖ мен тұмау бойынша жалпы ауруханалық мейірбикелік конференция болды. Күз-қыс мезгілі түскеннен бері жіті респираторлық аурулар мен тұмауды алдын алу медицина мекемелерінің өзекті мәселесіне айналды.

 

Конференция бағдарламасы аурухананың терапия бөлімшесінің мейірбикелер ұжымымен дайындалды. Бөлімшенің медицина қызметкерлері жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарады. Пре-тест сұрақтары тестен өтетін адамдардың білім деңгейін барынша анықтайтындай етіп әзірленді.

Тұсаукесер үшін ақпараттық материалдар слайдының таңдалымы берілген тақырыпқа сай болды. «Тұмау вирусының ерекшелігі. Клиникасы. Таралу жолы. Қауіп-қатер тобы. Асқынуы. Емі» сұрағын мейірбике Ж.К. Уәлиева өз сөзінде ашып, айқындады. Жаңашылдықпен қызықты етіп «Ұжым қолдары жұқпа қауіпсіздігінің негізі» материалын мейірбике Г.К. Дәуітова ұсынды. Бөлімшенің аға мейірбикесі Р.Ә. Исабековамен ЖРВЖ мен тұмау бойынша ұсынылған тұсаукесер, алынған білімді сенімді бекітті.

Конференция интербелсенді шарамен – қол жуу алгоритмімен аяқталды. Әріптестердің басшылығымен 53 қатысушылар тағы бір мәрте медицина мекемесінің ең маңызды емшарасын көрсетті.

 

К. Апаев.