контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Диабет мектебі жұмыс жасауда
17-11-2014 19:56
Диабет мектебі жұмыс жасауда

3 Павлодар қалалық ауруханасының құрамында эндокринологиялық бқлімше бар, бұл жерде эндокриндік патологиясы бар науқастарға жоспарлы және тәулік бойғы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

 

Қан диабеті емделмейді, десе де инсулиннің арқасында адамдар бұл ауру түрін бақылауда ұстауға үйренді. Ғалымдардың жетістігі диабеттен туындайтын мәселелерді шешуге оң көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Себебі, бүгінгі таңда қант диабеті, атеросклероз бен обыр аурулары сияқты, мүгедектік пен өлімге әкеп соғатын аурулар үштігіне кіреді.

№3 ПҚА эндокринологиялық бөлімше ішінде Диабеттік ақпараттық-талдамалық орталық (ДАТО) және «Диабет мектебі» кабинеті жұмыс жасауда.

ДАТО диабетпен ауратын науқастардың Ұлттық тіркелімінің жұмысын қамтамасыз етеді, ауру мен одан болатын асқынулар туралы, осы ауру әкеп соғатын мүгедектік пен өлім-жітім туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Әрбір науқасқа осы жерде арнайы карта толтырылады және ол тоқсан сайын Ұлттық диабет тіркелміне тапсырылады. Істелініп жатқан барлық іс науқасқа көмек көрсету жағдайын бақылауға, дәрілік заттардың қажеттілігін, инсулинмен дәрілік препараттармен қамтамасыз ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

«Диабета мектебі» кабинеті қант диабетімен ауыратын науқастарды өмірге машықтануға: емдәм терапиясына, өзін өзі бақылауға, инсулин терапиясына, үйретеді, бұл асқынулар мен мүгедектену қауіпін төмендетеді.

14 қарашада тойланатын бүкіл әлемдік диабетпен күресу күні, бізге осындай адамдарға қамқорлықпен қарауға еске салу үшін қызмет етеді. Хабардарлық пен алдын алу аурудың ерте анықталуына әкеледі.

 

К. Апаев.