контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Тұңғыш Президент күні
28-11-2014 10:54
Тұңғыш Президент күні

28 қарашада сағат 14.00 №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаетың құрметіне арналған «Елбасы – елімен бірге» атты мерекелік іс-шара өтті.

 

Салтанатты шараға қатысу үшін медициналық ұйымның барлық патриоттық ұжымы жиналды. Ақ халатты абзал жандар үшін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Мерекенің шымылдығын жүргізушілер ақиық ақындардың қанатты сөздерімен мемлекеттік және орыс тілдерінде ашты. Аурухананың бас дәрігері М.Н. Ахметов ұжымды біздің мемлекетіміздің маңызды мерекелердің бірі – Президент күнімен құттықтады.

Әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезім болады, әр адам өзінің туған жерін, елін сүйеді, тыныштық пен бірлікте өмір сүргісі келеді, соғыс пен алауыздық жоқ мемлекетте өркендеуді тілейді. Өз алдына дамыған отыз елдің қатарына ілігуге зор мақсат қойып, Республика сол көзделген мақсатқа үлкен қадамдармен келуде.

Мерекенің басты салтанаты мемлекет Басшысы туралы фильм көрсетілімі болды. Алты минуттық серпінді фильм елдегі жаңашылдық туралы, Н.Ә. Назарбаевтың біздің аймаққа келуі туралы мазмұндайды. Көз алдында индустрияның флагмандары – алюмин, электролиздік, ферроқортпа зауыттарының, адамдардың жарқын бейнелері, бала-шағаның күлкісі, зор Ертіс өтуде.

Мейрам Президент Күнінің мазмұнды салтанатымен аяқталды.

 

К. Апаев.