контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Саулыққа – күнделікті еңбекпен
02-12-2014 04:26
Саулыққа – күнделікті еңбекпен

21 қараша күні №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - Путь в будущее» Жолдау туралы талқылауы өтті.

Медицина қызметкерлері Елбасының «Нұрлы жол - Путь в будущее» Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап қабылдады. Қазақстанның Жаңа экономикалық міндеттері құжаттардың бастапқы бағыттарында анықталды. «Нұрлы жол» жоспары келесі бесжылдық индустриализациялауды іске асыру уақытымен сәйкес келеді.

Қызметкерлер алдында №3 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әміркан Айдарханұлы Тұргүлдинов әлеуметтік инфрақұрылыстың дамуына ерекше көңіл бөлді. «Бейбітшілік – бұл тұрақты жұмыс, еңбекақы және ертеңгі күнге сенімділік. Бейбітшілік пен тұрақтылық – бұл жалпы халықтық игілік, күнделікті еңбекпен қорғау және бекемдеу» – Президенттің сөздері жұмыста бағдар болу керек деп, Ә. Тұргүлдинов ерекшеледі.

3 ПҚА бас дәрігердің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары Алтай Құжатұлы Сыздықов өз сөзінде, «Тұрақтылық және жайлы өмір бірден пайда болмайды», бұл күнделікті еңбектенудің нәтижесі, бұл ынтымақшыл-саясаттың нәтижесі.

Сондай-ақ, Алтай Құжатұлы Жолдауда жас жобалардың әлеуметтік даму бойынша көп міндеттердің белгіленгеніне тоқталды. Бір сөзбен айтқанда, алда үлкен және жауапты жұмыс күтуде.

К. Апаев