контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Үшінші аурухана қызметкерлеріне алғысым шексіз
04-12-2014 08:30
Үшінші аурухана қызметкерлеріне алғысым шексіз

Жуырда №3 Қалалық ауруханасында емделуге тура келді. Бір сөзбен айтқанда, көңілімнен шықты.

 

Аса зор алғысымды №3 Қалалық ауруханасындағы (ЖМЖА) терапия бөлімшесінің меңгерушісі Нәзира Көпболсынқызы Смағұловаға және емдеуші дәрігер Александр Петрович Комковқа білдіремін. Бұл дәрігерлердің қолдары алтын, Алладан дарыған деп айтуға болады. Сіздерге үлкен рахметімді айтамын және Сіздердің еңбектеріңізге басымды иемін! Дәрігердің, мейірбикелердің және санитарлардың барлық ем алу кезіндегі маған деген ізгі ниеттері, қарым-қатынастары және қамқорлықтары ең жоғары бағаға лайық. Алғысым шексіз!

№3 Қалалық ауруханасында керемет және көңілге қонымды жағдай жасалған, осында ақжарқын медицина қызметкерлері қызмет етеді. Сіздерге шын жүректен өз жұмыстарыңыздан қанағаттанып, емделушілер тарапынан зор алғыс алып, отбасыларыңызға береке мен сыйластық, одан басқа әрине зор денсаулық тілеймін.

 

Ізгі ниетпен

Күлварші Сансызбайқызы Нарбутина