контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ
13-12-2014 07:56
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ

12 желтоқсанда, басты мемлекеттік мейрам – Тәуелсіздік күні қарсаңында, №3 Павлодар қалалық ауруханасында мерекелік шара өтті.

Қалалық аурухананың мәжіліс залында мерекелік және сенімді жағдай орнаған. Сахнада – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту және Әнұран мәтіні. Салтанатты шараға дәрігерлер, мамандар, мейірбикелер және кіші буын медицина қызметкерлері келді.

№3 Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігердің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары Алтай Құжатұлы Сыздықов ұжымды еліміздің маңызды мерекесімен құттықтай отырып, 23 жыл бұрын қазақ мемлекетінің тарихында жаңа сәт туғанын айта кетті. Мерекеге жиналған әрбір келушіге шаңырақтарына бақыт, татулық және өзіміз өмір сүріп жатқан елімізге құт-береке тіледі. Сондай-ақ, ол үш жүзден аса еңбек етіп келе жатқан ұжымның тұрғындарға жоғарымамандандырылған медициналық көмек көрсетудегі өз міндеттерін әрқашанда ақтайтынына сенімін білдірді.

Аурухананың белсенділерімен әрі қарай қызықты да мағыналы концерттік бағдарлама жүргізілді. Классиктердің өлең-жырлары, «Тәуелсіздік бақытым» атты арнау жыры, би мен ән бұл күні денсаулық мекемесінің қызметкерлері үшін жырланды. «Желтоқсан жаңғырығы» атты көрініс Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірі, ерлігі жайында сыр шертті. Шара соңында адамдар мереке ұйымдастырушыларына лебізді сөздерімен алғыстарын білдірді.

 

Куаныш Апаев