Отбасымыздың атынан Жаңа 2015 жылмен №3 Павлодар қалалық ауруханасының гинекология бөлімшесі ұжымының барлық медициналық қызметкерлерін құттықтаймыз.
Аса зор алғысымызды маған шұғыл медициналық көмек көрсеткен бөлімше меңгерушісі Лилия Ивановна Новокрещеноваға, гинеколог-дәрігері Александра Геннадьевна Ефимоваға және Оксана Владимировна Никитченкоға білдіргіміз келеді.
Қолдары шипалы, кәсібиліктері жоғары және адамгершілік қасиеттері мол тамаша жандарға рахметім шексіз. Ақ халатты абзал жандарға зор денсаулық, отбасыларына құт-береке, еңбекте ырыс-несібе тілейміз!
Құрметпен,
Анастасия Панфилова және оның отбасы