контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 қалалық ауруханада аттестациядан өтуде
16-01-2015 18:23
№3 қалалық ауруханада аттестациядан өтуде

№3 Павлодар қалалық ауруханасында жұқпалы және кәсіби қауіпті алдын алуға және жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінуде.

 

Бүгінгі таңда, стационарда жүзеге асырылатын, жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі әдістер, көп бейінді емдеу мекемелері үшін анағұрлым тиімді болып табылады. Қаңтардың 12-нен 14-і аралығында Үшінші ауруханада орта және кіші буын қызметкерлері арасында жұқпа және техника қауіпсіздігі бойынша аттестация өтті.

Аурухана басшылығымен бұйрық шығарылып, комиссия төрағасы болып, бас дәрігердің орынбасары А.Қ. Сыздықов тағайындалды. Ай соңында, 28-30 қаңтарда №3 ПҚА стационардың дәрігерлік құрамы үшін аттестацияның жүргізілуі жоспарланды. Әрине, медицина қызметкерлерінің аттестациялануы үлкен дайындық жұмысын қажет етті: негізгі эпидемиологиялық маңызды бөлімшелер үшін жұқпа қауіпсіздігінің бағдарламасы, ем жүргізу және тану кабинеттерінде манипуляция жүргізу алгоритмі  әзірленді. Тест-сұрақтары дайындалды.

Алдын ала айтарымыз: орта және кіші буын медицина қызметкерлері білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Аурухананың дәрігерлік құрамының аттестация қорытындысы арқылы, сәйкес нәтиже шығарылатын болады.

 

К. Апаев