контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Екінші орын алдық
25-02-2015 11:13
Екінші орын алдық

21 ақпанда Усолка мөлтек ауданының шаңғы базасында облыстың медицина ұйымдары арасында шаңғы жарысы бойынша 44 қысқы спартакиада өтті.

 

Осы күні ауа райы да тамаша болды: күнкөзі жарқырап, аяқ астында қар сықырлап тұрды. Медицина қызметкерлері спорттық қабілеттерінен айырырлмағандарын көрсете білу қажет еді. Осы жарыста №3 Павлодар қалалық ауруханасының намысын инсульт орталығының қызметкерлері – ЕФК нұсқаушысы Қаракөз Сүлейменқызы Сұнтаева мен санитар Ирина Вениаминовна Лопатко қорғады. 2 шақырым аралығында біздің шаңғышылар тамаша көрсеткіштер көрсетіп, құрметке лайық II орынды иеленді.

Дәстүр бойынша Қалалық дене тәрбиесі және спорт комитеті шаңғы жарысындағы медицина қызмектерлері арасындағы жеңімпаздарды марапаттау қағазымен және ақшалай сыйақымен ерекше құттықтады. Қатысушылар сергектік қуаты мен тамаша көңіл күйге ие болды.

 

К. Апаев