контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Залалсыздандыру құралдары бойынша өткен конференция
26-02-2015 06:50
Залалсыздандыру құралдары бойынша өткен конференция

25 ақпанда №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында «Залалсыздандыру құралдары. Оның классификациясы, қолданылуы және жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары. ҚР Үкіметінің №364 Қаулысы » тақырыбында мейірбикелердің конференциясы өтті.

 

Конференция ұйымдастырушысы аурухананың зертхана ұжымы болды. Қызметкерлер өзекті тақырыптың дайындығына үлкен жауапкершілікпен қарады. Зертханашы Қ.У. Рыспаевамен дайындалған 44 слайдтан тұратын таныстыру, кез-келген орта буын, сондай-ақ кіші буын медицина қызметкерлері білуге тиісті қажетті барлық материалдармен көрнекіленген болды.

Конференция қатысушылары аға зертханашының м.а. З.С. Оразалиновадан залалсыздандыру, залалсыздандыру алды тазалау және зарарсыздандыру жүргізу үшін арналған залалсыздандыру құралдарын қолдану бойынша нақты ұсыныстар алды. Олар қауіптіліктің төрт класы бойынша жіктеледі. Сонымен, аса қауіпті залалсыздандыру құралдары төтенше жағдайларда қолданылады, сол кезде медицина қызметкерлері арнайы костюмде және газқағарларда болуы қажет. Екінші жоғары қауіптілігі бар класс адамдар жоқ жерде, тыңыс алу мүшелерін, көз бен терінің беткі қабатын қорғайтын құралдарды қолданумен ғана жұмсалады. Қауіптілігі шамалы құралдарды қорғаныс құралдарынсыз-ақ қолдануға болады, бірақ адамдар болмауы қажет. Қауіптілігі аз құралдар ешбір шектеусіз де қолданыла береді.

Медицина мекемелеріндегі қол тазалығы туралы мәселені өз сөзінде зертханашы А.Д. Құбайдуллаева қозғады. Ұйымдастырушылар дәстүрден ауытқымай, күнді қол жуу белсенді көрсетілімімен аяқтады. Барлық жиналғандар алгоритмды зертханашы Б.А. Хасеннен қайталап жасады. Зертхананың ұжымы конференцияда жоғары кәсіби деңгейлерін көрсете білді.

К. Апаев