контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА туберкулезді алдын алу
10-03-2015 15:52
№3 ПҚА туберкулезді алдын алу

№3 Павлодар қалалық ауруханасында туберкулезді алдын алу бойынша айлық өтуде, ол осы сырқатпен Дүниежүзілік күрес күніне орайластырылған (24 наурыз).

 

Аурухананың барлық бөлімшелерінде туберкулезді алдын алу бойынша сәйкес жұмыстар жүргізілуде: СӨС үлестірушісімен дәріс оқылды, емделушілер ақпараттық-оқулық материалдармен таныса алады. Өкпе туберкулезі көп уақытқа дейін еш бір белгісіз өтеді, ол кездейсоқ анықталады, мысалы, флюрографияға түскен уақытта. Әлсіздік, бас айналуы, түнгі терлеу, арықтау, субфебрильді дене қызуы (37 градус шамасында) – осының барлығы туберкулездің алғашқы белгілері. Өкпе зақымдануы кезінде: қақырықпен немесе қақырықсыз көкжөтел, демікпе, кеуде қуысы тұсындағы ауырсыну, қақырықтың қанаралас бөлінісі – қан қақыру. Айтылған соңғы 2 белгі сырқаттың асқынған түріне жатады және дереу емдеуді қажет етеді. Көбінесе алғашқыда өкпе зақымданады, ал содан қан ағысымен жұқпа басқа мүшелерге өтеді (ішекке, сүйекке). Бірақ, бір айта кететіні, туберкулезді менингит, бүйрек немесе ішек туберкулезі клиникалық және рентгенологиялық сау өкпе кезінде дамиды.

Тубекрулезді алдын алу бойынша шара жоспар бойынша 24 наурызда №3 Қалалық ауруханада өтіп, айлық қорытындысы шығарылатын болады.

 

 

К. Апаев