контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 аурухана территориясын жинастыру
15-04-2015 09:16
№3 аурухана территориясын жинастыру

Осы шырайлы көктем күндерінде №3 Павлодар қалалық ауруханасының көшеттерге бай үлкен территориясы жақсартылуда.

Медицина қызметкерлері зор ынталарымен жұмысқа кірісті: ұзақ қыс мезгілінен кейін, үш мың м 2 территория көп қоқыстан жиналды. Сенбілікке дейін былтырғы құрғап солған шөпті жинау, ақтап қою, жиектерді және ағаштардың төменгі жағын бояу, қоршауларды, есікшелерді және қабылдау бөлімшесінің жер асты жолдарын қалпына келтіруі шешілді.

Талай іс істелінді, бірақ алда тағы да көп жұмыс күтіп тұр. Ауруханаға жататын аймаққа көз салып байқау өте тамаша: жинақы және таза. Осы тамаша көріністі жасаған адамдардың еңбегін ауруханаға келетін әр келуші бағаласа деп тілектеспіз.

К. Апаев