контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Әріптестерге сыйлыққа – сауық кеш
04-05-2015 10:58
Әріптестерге сыйлыққа – сауық кеш

Мамыр мерекелері қарсаңында, әрбір адам бейбіт өмір мен ауызбіршілік – ол, қолға оңай қонбайтын зор байлық екендігі туралы ойланады. Осы ой, 30 сәуірде №3 ПҚА мәжіліс залында өткен Қазақстан халықтарының бірлігі Күніне арналған мерекелік концерттің негізгі өзегі болды.

 

Нейрооңалту бөлімшесінің ұжымы осы шараның ұйымдастырушысы болды. Концертке бөлімшенің барлық медицина қызметкерлері қатысты: кіші буын медицина қызметкерлерінен бастап, дәрігерлерге дейін, ал бағыт беруші бөлімше меңгерушісі Айман Тоқтағанқызы Ерғазинова болды.

Салтанаттан көп бұрын ауруханада «Біздің күш - бірлікте» атты сурет сайысы жарияланды. Берілген тақырыптағы жұмыстар өте қызықты болды, олар халықтар арасындағы төзімділік пен достықты ашып тұрды. Әділ қазы алқасы жүлделі орындарды анықтады. Сурет сайысының қорытындысы келесі түрде үлестірілді: бірінші орынды инсульт орталығы қанжығасына байласа, екінші орынды эндокринология бөлімшесі, ал үшінші орынды гинекология бөлімшесі жеңіп алды.

Мичурин балалар үйі тәрбиеленушілерінің осы концертке қатысқандары мерекенің есте қалатындай ерекшелігі болды. Медицина қызметкерлерімен бірге олар өмірге араша түсетін адамдарға тамаша сәтті сыйлады. Бұл жерде барлығы ойластырылған болды: сәнді ұлттық костюмдер де, таңдалынған репертуар да, мазмұнды бағдарлама да. Сахнада ақ халатты абзал жандар да, балалар үйі тәрбиеленушілері де қазақстандық ақындардың өлеңдерін шын ықыласпен оқып, біздің көпұлтты Мемлекетіміздің аумағында тұратын халықтардың әндерін айтып, билерін биледі. Дәл осы күні әріптестер алдында Айман Тоқтағанқызы Ерғазинова өзінің вокалдық қабілетін ашып, көбін таң қалдырды.

 

К. Апаев