контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Ешкім де, ештене де ұмытылмайды
11-05-2015 09:23
Ешкім де, ештене де ұмытылмайды

Ағымдағы жылдың 6 мамырында сағат 14.00-де №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында барлық медицина қызметкерлерінің ұжымы – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлауының маңызды себебімен жиналды.

 

Залда салтанат басталмай тұрып, әскери жылдағы әуендер ойналды. Шара жүргізушісі мерекенің шымылдығын дағыраның баяу соғылған әнімен ашты. Бұл күні мейрам ұйымдастырушысы болып, гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Лилия Ивановна Новокрещенова бастаған ынтымағы жарасқан үлкен гинекология ұжымы болды.

Тамаша құрылған сценарий әзіл-ысқақты болғанын мойындау керек. Би де, ән мен өлең жырлары да бізді өткен шақтағы қырқыншы жылдар мен алапат қауіп әкелген Ұлы Отан соғысы жылдарына кері қайтарғандай болды. Одан бері міне, жетпіс жыл уақыт өтті, ал көзге жас үйіртетін мереке қазақстандық ұрпақтың есінде мәңгі сақталар.

Отан қорғаушыларға медальдар мен сыйлықтар тарту еткен марапат бөлімі керемет өтті. Ауғаныстандағы жауынгерлік әрекетке қатынасқан инсульт орталығының мейірбикесі Айман Наушеваға көрсетілген құрмет тұтас бір көрініске айналды. Әріптестері ең жалынды сөздерін айтып, оның жауынгерлік жарақатын есіне түсірді.

Ұйымдастырушылардың ойластырған шоу-ойыны, қатысушыларды екі топқа – ерлер мен әйелдерге бөліп тастады. Тапсырмалар да қиыннан қиыстырылып, ойыншық емес бақталастық туындалды. Қатаң тартыстың қорытындысы бойынша, №3 ПҚА ерлерден құрылған топ жеңісті қанжығасына байлады.

 

К. Апаев