№3 Павлодар қалалық ауруханасының bsmp@inboх.ru электрондық мекенжайы бар сайты емделушілермен белсенді түрде қолдануда: тұрғындар электронды пошта арқылы өзіңе қажетті сұрақтар қойып, оған жауап алады, дәрігерлер мен ұжымға жазбаша алғыстарын білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, сайттың айдарлары жұмыс жасап, мақсатпен қолданылуда. Назарларыңызға Елена Агеевадан келіп түскен хатты ұсынамыз.
Көп жылдар аралығында эндокринология бөлімшесіне жетекшілік етіп келе жатқан бөлімше меңгерушісі Гүлнәр Қадыргелдықызы Мейрамоваға және қоластындағы медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіргім келеді. Қымбатты ақ халатты абзал жандар! Емделушілерге көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз үшін Сіздерге көптен көп рахмет айтамын.
Бір сөзден-ақ олар жанға дауа сыйлап, көңілге медет орнатады. Ерекше ілтипатпен аға мейірбике Алена Дынникованы және Наталья Юхименконы, Дариға Тұртұлованы, Маржан Сикенованы, Бағдат Кәрімованы, Әйгүл Симамбаеваны атағым келеді. Үлкен рахметімді санитар қыздар мен шаруа бикесі Валентина Столяроваға айтамын. Сіздердің бар болғандарыңыз үшін қуаныштымын. Сіздерге зор денсаулық пен бар істеріңізде сәттілік тілеймін. Сіздер – үздіксіздер!