контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Мейірбикелер сайысы
13-05-2015 21:13
Мейірбикелер сайысы

Ағымдағы жылдың 12 мамырында №3 ПҚА мәжіліс залында медицина қызметкерлері дәстүрлі мейірбикелер Күнін атап өтуге жиналды.

 

Күннің басты жаңалығы «Мамандық бойынша үздік» аталымындағы мейірбикелер сайысы болды. Сайыс қатысушылардың таныстыру бөлімінен басталды: Зарина Мигранова (жансақтау бөлімшесі), Қарлығаш Әбішева (хирургия бөлімшесі), Мәдина Сейітова (ота блогы) Анжела Сатубаева (эндокринология бөлімшесі) және Екатерина Петрова (инсульт орталығы).

Бәйгенің екінші кезеңі блиц-сұрақтардан тұрды. Бір минут ішінде әр қатысушы сұрақтарға барынша көп жауап жинауы қажет болды. «Вакуумдық жүйедегі қан талдамасы» манипуляциялық техникада жылдамдық пен операциялық шаралардағы стандарттарды сақтау есепке алынды. Жанкүйерлер «чепец таңуы» атты сайыс бөлімінде қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетті. Бес баллдық жүйемен бұл бөлімде жылдамдық пен таңғышты таңу техникасы есептелді. Мереке ұйымдастырушылары – рентген диагностикалық бөлімшесі шара сценарийін залдағы барлық жанкүйерлер қатысушыларды қолпаштап отырғандай етіп құрастырған. Мысалы, ән үзіндісінен диагнозды анықтау керек болды. Дұрыс жауапқа арналған сыйлықты залдағылардың көбісі ұтып алды. Жалпы алғанда, сазды кідіріс салтанаттың шырайын келтірді. Сонымен, сайыстың соңғы кезеңіне «Мейірбикенің таңғы асы» атты тапсырма берілді. Қатысушылардың әр біреуі адамға тәулік бойы сергектік қуатты сыйлайтын тағам түрін ұсыну керек болды.

Сайыстың әділ қазы мүшелері «Мамандық бойынша үздік» аталымындағы жүзден жүйрікті анықтап, Анжела Сатубаеваның қанжығасына байлады, екінші орын – Мәдина Сейітоваға бұйырса, үшінші орын Карлығаш Әбішеваға тиесілі болды. Сайысқа қатысқан барлық мейірбикелерге құнды сыйлықтар мен мадақтау қағаздармен марапатталды. Шара соңында барлығы суретке түсіп, ескерткішке қалдырды.

 

К. Апаев