контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Ардагерлерге зор алғыс
13-05-2015 21:15
Ардагерлерге зор алғыс

3 ПҚА Кәсіподақ комитеті Жеңіс Күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне зор марапат көрсетті.

 

Ұлы Отан соғысының әрбір ардагері және Ауғаныстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушы сыйлықтармен, ақшалай сыйақымен және әрине, бір құшақ гүлмен марапатталды. Достық кездесулер көңілге қонымды жағдайда, сырлы да жылы жүзді өтті.

Медицина қызметкерлерінің ұжымы аурухананың терапия бөлімшесінде ем қабылдап жатқан ардагерлерді де ықылассыз қалдырмады. №3 ПҚА бас дәрігері М.Н. Ахметов және Кәсіподақ комитетінің мүшелері соғыс жауынгерлерін Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтады. Мәрлен Нариманұлы ардагерлерге 1945 жылдың мамыр айында фашистік Германия алдында көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдірді. Емдеу мекемесінің басшысы аурухананың медицина ұжымы емделушілердің сапалы ем қабылдауына бар күшін салатынына сендірді.

 

К. Апаев