контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Реанимация бойынша мейірбикелік конференция
23-05-2015 03:53
Реанимация бойынша мейірбикелік конференция

№3 Павлодар қалалық ауруханада шұғыл жағдай кезінде медицина қызметкерінің әрекет жасау алгоритмі бойынша мейірбикелік конференция жүргізілді.

Конференцияны ұйымдастырған реанимация бөлімшесінің ұжымы. Тақырып бойынша тұсаукесерді бөлімшенің аға мейірбикесі Қ.Қ. Иксатова дайындады. Негізгі сұрақты мейірбике Т.В. Ермилова ашып айтты, оның қатысуымен анафилаксиялық шок кезінде әрекет алгоритмі жағдайы толық қарастырылды. «Анафилаксиялық шок» термині алғашқы рет 1913 жылы француз ғалымы Шарл Ришемен ұсынылды, осы құбылысты зерттеуде Нобель сыйлығын алған.

Мейірбике Т.Г. Бабарыкина және мейірие М.О. Мұхаметқалиев адамның тыныс алуы тоқтаған кезде, шұғыл жағдай кезінде, орта буындағы медицина қызметкерінің әрекет алгоритімін тәжірибеде көрсетті. Кез келген адам анафилаксиялық шок кезінде әрекет алгоритімін білу қажет. Егерде, анафилаксиялық шок кезінде алғашқы көмек уақытында көрсетілсе, адамды өлімнен сақтап қалуға болады.

Конференция әдеттегідей қол жуу алгоритімімен аяқталды.

 

К. Апаев