Ағымдағы жылдың 15 мамырында, Алматы қаласында Халықаралық мейірбикелер Күніне арналған, Қазақстанның мейірбикелік ісі мамандарының III съезді өтті. Павлодар облысының атынан құрамында 10 адамнан тұратын делегация барды. Үшінші қалалық ауруханасы атынан съездге аурухананың бас мейірбикесі Магила Қайырбайқызы Бәйкетаеваны өкіл ретінде жіберілді.
Съезд ұйымдастырушылары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі мен Республикалық медицина колледжі. Елдің денсаулық сақтау жетістіктері көрмеде көрініс тапты. Съезд материалдарының жинағы басылып шығарылды. Жан-жақтан жиналған медицина делегаттары мен қонақ болып келген меймандарға құттықтау сөзімен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің, Қазақ тағамтану Академиясының, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіп одағының және халықаралық ұйымдарының атынан келген өкілдер сөйледі.
Делегаттар Финляндия мен Қазақстанның ынтымақтастығы бойынша, Юваскуля университетіндегі РhD мейірбикелік ісінің бас кеңесшісі Йоханна Хейккиляның сөзін айрықша ынта қойып тыңдады. Ресей Федерациясының Солтүстік-батыс федералдық аймағының бас маманы И.В. Бубликованың «РФ мейірбике қызметкерлерінің кадрлық ресурстарын дамытудың жаңа бағдарламасы туралы» баяндамасы көңіл аудартты. Съезде «Қырғызтан Республикасында медицина қызметтерін көрсету сапасын арттырудағы мейірбикелер Ассоциациясының алатын рөлі» туралы Ассоциация президенті Т.С. Сақтанова сөз сөйледі.
Съезд жұмысы барысында 2 секция қызмет етті. Секция модераторлары аймақтағы қызметтер бойынша тамаша сөз сөйлеу циклдарын дайындай алған. Осы жерде жақсы ойлар айтылып, оны санаға жеткізу – күннің басты міндеті болды. М.Қ. Бәйкетаева басшылық еткен №3 ПҚА қызметінде, жүз елуден аса адам қызмет жасауда. Жыл сайын ұжымға ондаған жаңа қызметкерлер келеді, сондықтан оның міндеті - оларды жаңа жағдайда еңбек етуге үйрету, әрбірінің колледж қабырғасында алған білімдерін, іс жүзінде қолдануға жетелеу. №3 ПҚА жоспарында – мейірбике қызметкерлерінің жаңа үлгідегі жұмысқа қатысуын кеңейту.
Үшінші съезде халықаралық стандарттар бойынша, Қазақстанның мейірбикелік қызметін ары қарай дамытудағы резолюциясы қабылданды. Магила Қайырбайқызын дәл осындай көлемдегі съездерге қатысу, жұмыстағы жоғары нәтижелерге жетуге жігерлендіреді.
К. Апаев