№3 Павлодар қалалық ауруханасында «Сепсис. Орталық веналық қысым бақылауындағы қарқынды терапия» атауымен дәрігерлік конференция өтті. Өзекті тақырыпты өз таныстыру сөзінде жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі В.А. Павлов ашты.
Сепсис – қанға қоздырғыш жұқпаның, токсиндердің еніп кетуінен туындайтын аса ауыр жағдай. Сепсистің диагностикасы аурудың клиникалық көрінісінен, қандағы патогенді микроағзалардың анықталуынан, әр түрлі мүшелерде септикалық ошақтардың анықталуынан құрылған. Сепсистің емі кешенді жүргізіледі, қарқынды терапия бөлімшесі жағдайында, ол өзіне бактерияға қарсы, саңырауқұлақтыққа қарсы немесе дезинтоксикалық терапияны қосады. Кейбір жағдайларда қан компоненттерін құю қажеттілігі болуы мүмкін. Сепсистің қандай да түріне болжам жасалса, ол қатерлі. Ем неғұрлым ертерек жүргізілсе, соғұрлым толықтай сауығып кету мүмкіндігі жоғары.
Баяндамашының 49 көрсетілген слайдында ауыр сепсис, септикалық шок, өкпе әрекетсіздігі, жұқпаның орнын ауыздықтау жиілігі қауіп факторы бойынша нақты ақпарат берілген. Диагностикада сырқатты анықтайтын басты жол болып келетін және қарқынды терапияны анықтап беретін, оң жақ жүрекшедегі қан қысымының белгілену көрінісі деректі түрде бейнеленген.
Василий Алексеевичтың пікірі бойынша, сепсисті алдын алуға бактерияға қарсы құралдарының сауатты қолданылауын жатқызуға болады. Біз күшті антибиотиктерді қолданған сайын, біздің жауымыз да күштірек және «ақылдырақ» болуда. Дәрігер белгілемеген соңғы үлгідегі антибиотиктерді қолдану, расында да қауіпті жағдайларда бізді күресу құралдарысыз қалдыруда, ал осы дәрілер қаншама адамдардың өмірін сақтап қалу керек еді. Сондықта да, қандай да болсын антибиотиктерді дәрігердің қатаң тағайындауы бойынша қабылдаған жөн.
Қ. Апаев