контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Конституция күнінің – 20 жылдығы құрметіне
01-09-2015 15:10
Конституция күнінің – 20 жылдығы құрметіне

Ата заңымызды тойлау қарсаңында №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында салтанатты шара болып өтті.

 

Тамаша безендірілген залға №3 ПҚА барлық ұжымы құттықтауларын арнайы айта келді. Рухымызды асқақтататын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалғаннан соң, Негізгі Заңымыздың мерейін тойлауға орайластырылған шара шымылдығы ашық деп жарияланды. Қазақстан Конституциясының алғашқы бабы біздің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігімізді көрсетті, оның ең басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бас бостандығы болып табылады.

Медицина қызметкерлерін бас дәрігердің орынбасары Алтай Сыздықов құттықтап, ізгі тілегін арнады. Бүгінгі таңда Конституция демократияның қағидаттарына бағынады, сол себепті де биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып бекітілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік болсын, жеке болсын мүлікті мойындайды. Елдің Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, десе де билік органдарында және мемлекеттік ұйымдарда ресми тіл ретінде орыс тілін қолдануға Ата Заңмен рұқсат етілген.

Мерекелік шара екі тілде жүргізіліп, сахна төрінде жырланған жырлар мен ән-билер біздің көпұлтты мемлекетіміздің еркіндігін паш еткендей болды. Сергек көңіл күймен тарқасқан ақ халатты абзал жандар, қайта күйбең тіршіліктеріне кірісіп те кетті.

 

К. Апаев