контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Отбасылық құндылықтар мерекесі
15-09-2015 17:40
Отбасылық құндылықтар мерекесі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күнін тойлап жүрміз.

Отбасы, жанұя деген ұғымдарға түсінік берудің өзі артық шығар. Бұл аталған сөздер «өмірдің бастауы – күннің көзі», «тіршілік нәрі – су», «ас атасы – нан» сияқты қастерлі сөздермен бір қатарда тұрғаны анық. Барлық адам отбасыдан бастау алып, «тал бесіктен – жер бесікке» дейін өсіп жетілуінің негізін сол отбасыдан сарқып алады. Бір сөзбен айтқанда, ата-ана, туыс-жекжат, тамыр-таныс – осылардың барлығы біз үшін шағын мемлекет. Шағын мемлекетте «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» емес пе?!

№3 Павлодар қалалық ауруханасында үш жүзден аса адам еңбектенуде. Әр адам өз жанұясын көздің қарашығындай сақтайтыны жаңалық емес. Дәрігерлер, мейірбикелер әр отбасы мүшесінің деніне саулық сыйлау үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайды. Еңбек ету жолында медицина қызметкерлері қаншама адамның өміріне араша болып, қаншама отбасыға жақсылық әкелді десеңізші.

№3 ПҚА гинекология бөлімшесінің қызметкерлері отбасы құруды жоспарлау бойынша, босанғаннан кейінгі мезгілдің ерекшеліктері туралы, іріңді-септикалық сырқаттарды алдын-алу бойынша әңгімелер жүргізді. Акушер-гинекологтар әйелдердің денсаулығын сақтауға байланысты қойылған көптеген сауалдарға жауап беріп, отбасы – ошақ қасындағы барлық жандарды аталмыш мерекемен құттықтап, отбасы құндылықтарын сақтауға шақырды.

К. Апаев