Қазақ Хандығының құрылуына 550-жыл - бұл біздің еліміздің тарихындағы елеулі сәттердің бірі. XV ғасырдың орта тұсында Керей мен Жәнібек сұлтандар қоластындағы тайпалармен Әбілқайыр ханнан бөлініп, Қазақстан тарихының бірінші парағын ашады.
Керей мен Жәнібек бастаған ру-тайпалардың өзалдына жекеленуі қазақ халқының заманауи атауын қалыптастырды, сонымен XV ғасырдың аяғында «қазақ» деген термин пайда болды. Шыңтақтың тамырындай терең біткен тарих болмаса елдің де, мемлекеттің де болуы мүмкін емес. Әрине, ұлттың бір арнаға тоғысуы және мемлекет болып құрылуы – ол ұзақ уақытты қажет ететін үрдіс, ол біздің жағдайымызда сақ пен ғұндардың, Түрік қағанаты кездерінен-ақ басталып та кеткен. Павлодардың басты алаңында өткен мейрам павлодарлықтардың өз тарихына деген құрметтің дәлелі іспетті болды. Салтанат ұйымдастырушылары қазақ халқының салыстыра тексерілген тарихи оқиғалары мен дәстүрлерін жаңғыртуға бар күштерін салғаны байқалды. Мерекенің қонағы болған жамағат тіл үйірерлік қымыздан дәм татып, бауырсақтан, құрт пен шұбаттан ауыз тиді. Қазақтың дастарханы әрқашан да берекелі емес пе ағайын!
К. Апаев